ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының қадағалауымен имамдар АНТ жұмыстарын ойдағыдай жүргізуде. Осы жиында наиб имам Серік Құрманов Қарағанды өңірі бойынша атқарылып жатқан жемісті жұмыстар мен 2015жылға қойылған жоспарларға кеңінен тоқталып өтті. Оның ішінде: жергілікті ақпараттық насихат тобы ауылдық жерлерде 600-ге жуық кездесу ұйымдастырып отырғанын нақтылап жеткізді. Сонымен бірге Қарағанды облысында діни экстремистік ағымдардың алдын алу шараларымен шұғылданатын қоғамдық бірлестіктермен бірігіп жұмыс жүріп жатқаны және облыс төңірегінде 1500 кездесу өткізілетіні турасында айтып өтті. Ал, облыс әкімнің тарапына бірқатар шаруалардың реті баяндалып, ұсыныстар қаралды.
Аталмыш жиынға Қарағанды облысының әкімі Н.Әбдібеков, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің "Дін мәселесі жөніндегі ғылыми-зерттеу" орталығының директоры А.Әбдірасылқызы, Қарағанды қаласының дін істері басқармасының басшысы Қ.Нұркенов, "Нұрлы Білім" қоғамдық бірлестігінің басшысы Р.Сыздықов және өзге де дін өкілдері, арнайы мамандар қатысты.
ihsan.kz
Пікірлер