Нұра ауданы мешітінде ауыл және кент молдаларымен семинар өткізілді. Екі күндік семинарда «Ақида», «Фиһх», «Құран» қайталанды. Алдағы уақытта ауданның түкпір-түкпірінде ұйымдастырылатын Мәуліт мерекесі жоспарланып, жарты жылдықта атқарылған жұмыстар талқыға түсті.
Аудандық орталық мешіттің бас имамы Құмар Қоныскерей жұма және бес уақыт намазда шапан, сәлдемен өткізілуі және жұмыс уақытында молдалар рұқсаттсыз басқа қалаларға кетіп қалмауы қатаң тапсырылды.
Сонымен қатар семинарға қатысушылар арасында спорттық сергіту шаралары өткізілді. Болашақта имамдардың белсенді қатысуымен үстел теннисі, футбол, өзге де спорт түрлерінен спорттық шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Спорт – салауатты өмір салты және дені сау болашақтың негізі.
Пікірлер