Қарағанды қаласының тұрғыны Нестерова Анастасия және Гизатуллина Анель Николаевна есімді қарындастарымыз «Бала қажы» мешітіне келіп, Ислам дінін қабылдағылары келетіндіктерін білдірді. Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешіттің азаншысы Зульжаладдин Мадияр Ислам туралы толық мәлімет берді. Құранның құндылығы, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі істері жайлы әңгімелеп, түсіндірді. Нестерова Анастасия қарындасымызға өзінің қалауымен мұсылманша Мариям есімі берілді.
Мұндай игі жақсылықты назарымыздан тыс қалдырмауға тырысатын біз, мұсылман болған қарындастарымызды мешітте сабақ алуға шақырдық. Мариям: «Исламды бірден-бір дұрыс дін екеніне көзім жеткен соң қабылдадық» – дейді. Діннің бастамасын дұрыс түсінулері мақсатында «Дін мен діл» кітабының орысша нұсқасы тарту етілді.
Пікірлер