Әр мұсылман баласының бойында имандылығы, білімділігі, спортқа деген қызығушылығы үстем болса, ғасыр көшінен қалмайтыны анық. Осы мақсатты ту еткен мешітіміздің жамағаты Зәкария Абдрахманов шаңғы және шаңғы тебуге арналған аяқ киімді Қарағанды облыстық орталық мешітінің имамдарына сыйға тарту етті. Арнайы сыйлықты қабыл алған облыстық мешіттің найб имамы Дархан Асылтайұлы Зәкария ақсақалға имамдардың атынан алғыс білдіріп, салауатты өмір салтына деген ықыластың зор екенін жеткізді. Осылайша кейінгі буынға үлгі-өнеге көрсетіп жүрген мешітіміздің ең белсенді жамағаты Зәкария атамызға әрдайым тілекшіміз.
Пікірлер