Бүгін Қарағанды облыстық орталық мешітінің қызметкерлері мен мешіт жамағаты жиналып игілігі мол, сауапты іс атқарды. Қыс түскелі жиналып қалған қар, көктем айларында еріп, қиындық туғызары анық. Арқаның саршұнақ аязына қарамастан бұл ауқымды шаруа да көпшілікпен шешіліп қалды. Таңертеңнен басталған қызу жұмыста мешіттің шатыры, айналасы және мешіт ауласына кіретін жолдар толықтай тазартылды. Қар түскен сайын жиналып қалатын қалың қарды тазалау алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Қасиетті Құранның Хаж сүресі, 77- ші аятында "Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер (яғни, о дүниеде тозақ азабынан құтылып, шексіз нығметке бөленесіңдер)" - делінген.
Жасаған әрбір істеріңіз сауаптан болғай!
Пікірлер