Бүгін Балқаш қаласының мешітінде Бас имам Түсіпбеков Асылхан қажы жергілікті «Өркен- Медия» телеарнасынан келген тілшілерге сұқбат берді. Бас имам барлық қала тұрғындарын Мәуліт айымен құттықтап, Мәуліт мерекесінің мәні мен маңызы жайында уағыз-насихаттады.
Сонымен бірге Балқаш қаласының мешітінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне мүшайра бойынша жыр-додасы ұйымдастырылып жатқанын хабарлап айтты.
Мүшайраға бекітілген тақырыптар легі мынадай болмақ: «Шебердің шебері дегенше, Алланы шебер десейші», «Әз Пайғамбар Мұхаммед (саллалаһу алейһи уәсаллам», «Көркем мінез- көркіміз»
Ал, мүшайрадан оқ бойы оза шыққан жүлделілерге мынадай сыйлықтар ұсынылатын болады. 1 орын-теледидар, 2 орын-ноутбук, 3 орын-ұялы телефон.
[gallery link="file" ids="13425,13426"]
Пікірлер