Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Сәті түскен сұхбат
15 қаңтар, 2015 жыл 86 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан көпұлтты бейбітшіліксүйгіш татулығы тұрақты ел. Кеңес заманында өзге ұлттарды бауырына басып, тегінен қалыптасқан бауырмалдық қасиетпен қонақжайлық танытып, береке мен бірлікті ту етіп ұстанған елімізде Аллаға шүкір, бүгін де «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» мамыражай уақыт жалғасып келеді. Жаратқан иемізден осы нығметтердің баянды болуын тілейміз. Кеше Қарағанды қалалық №1-мешітіне көне құрлық Америка Құрама Штатынан құттыхана мекенді тамашалауға бір топ қонақтар келді. Наиб имам Бақдәулет Қыдырбайұлы мұсылмандық әдеп пен қазақы қонақжайлық ниетпен қонақтарды күтіп алып, мешіттің құрылымы мен атқаратын қызметтері турасында баяндап берді. Өз кезегінде мешіттің сыныптары мен кітапхана жұмыстарымен таныстырып, мешіт сыныбындағы шәкірттермен сұхбат ұйымдастырды. Адамзат баласының бір Адам атадан тарайтындығын, барлық адамзат баласы бір Алланың пендесі екендігін, ақиқат Ислам дінінің бейбітшілік пен мейірімділікке негізделгендігін айтып, сұхбат соңы көркем насихатқа ұласты.


 Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="13357,13358,13359,13360"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары