Бүгін ҚарМу-нің студенті Бейсенбек Әнуар Физика-техникалық факультетінің деканы Нүсіпбеков Бекболат Рақышұлының атынан Қарағанды облыстық орталық мешітіне Құран кітапты сыйға тарту етті.
Қадірлі де қастерлі сыйлықты қабыл алған облыстық мешіттің наиб имамы Серік Құрманов деканға, жалпы ұжымына ризалығын білдіріп, алғыс айтты.
Дана халқымыздың жөн-жоралғысымен Б.Әнуарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шығарған "Жұма уағызы-II" және "Сахаба саңлақтары" атты кітаптарды мешіт атынан сыйлады.
Пікірлер