Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туылған айында сүйікті Пайғамбарымызға(с.ғ.с) салауаттар жолдап, бірлесіп атап өтудің орны ерекше.
13-ші қаңтар күні «Бала қажы» мешітіне жиналған апаларымыз Құран Хатым жасады. Бас имам Нуров Махмұд қажы Нұрұлы арнайы қатысып Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірінен тағылымы мол уағыздар айтып, апаларды Мәуліт айымен құттықтап, зор алғысын білдірді.
Пайғамбарымыз(с.ғ.с) бір хадисінде: «Хайырлы істі көрсеткен сол істі істегенмен бірдей, ал хайырлы іс істеген жәннәттық »- дейді ( Мүслим, Тирмизи, Әбу Дәуіт.) тағы бір хадисте : «Кімде кім бір хайырлы әдет қалыптастырса, сол жолмен жүргендердің сауабы қияметке дейін сол адамға жазыла береді, ал бір жаман әдет қалыптастырса соны жасағандардың күнәсі сол адамға жазылады», -деген. ( Мүслим, Тирмизи, Нәса-й, Мүснәд)
Пікірлер