Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жоспармен жасалған жұмыс «жемісті» болар
14 қаңтар, 2015 жыл 78 Басып шығару нұсқасы
ҚМДБ-ның өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының нұсқауы бойынша облысқа қарасты мешіттерде ағымдағы жылға арналған іс-шараларды жоспарлау және оның орындалу мерзімін белгілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орайда облыстық мешітінің наиб имамы Серік Құрманов Қарағанды қалалық №1-мешітінің діни қызметкерлерімен жиын өткізді. Бас имам, наиб имамдар және азаншы қатысқан алқалы жиында мешіттегі сан-салалы іс-шаралар талқыланып, бірқатар мәселелер ортаға салынды. Атап айтқанда, басқару-бақылау жұмыстары, оқу-ағарту саласы, діни насихат барысы, жат ағымдармен күрес, семинарлар өткізу сынды діни істер сараланды. Ортақ ой-пікірлер мен ұсыныстар тыңдалды. Тың серпіліспен басталған жылдың басындағы жиында жоспарланған іс-шаралардың есебі тоқсан сайын беріліп, жасалатын жұмыстар жалғасын тауып отыратын болды.

Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="13316,13317"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары