Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Діни ахуалдың  тұрақтылығы басты назарда
13 қаңтар, 2015 жыл 120 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша Өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Қарағанды облысына қарасты Бұқар жырау ауданының әкімі Нүркен Сайфиддинұлы өткізген алқалы жиынға қатысты.
Ауқымы кең отырысқа аудан, ауыл әкімдері, имамдары, Дін істері агенттігінің бөлім басшысы, Ұлттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы, Прокуратура басшылары, ІІБ-нің басшылары мен құқық қорғау қызметкерлері, Ішкі саясат бөлімінің басшысы, Білім бөлімінің обасшылары қатысты.
Жиында аудандағы діни ахуалдың тұрақтылығы, 2014 жылы атқарылған жұмыстардың есебі, биылғы жылға қойылған жоспарлар кеңінен талқыланды.
Діни жағдайдың  бірізділігі бойынша "Жыржыс қажы" мешітінің бас имамы Аманбол Мукаев 2014 жылы жүргізілген жұмыстарды  онлайн-слайд түрінде көрсетіп, 2015 жылы аудандағы мешіттерге келетін 8 шәкірттің дайын екенін және  Мәуліт мерекесін өткізу  шаралары жөнінде сөз  қозғады.
Өкіл имам Өмірзақ Бекқожа облыс төңірегі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі мен нақты  жүзеге асырылатын жоспарлар жайында  тарқатып айтты. Аудан, ауыл имам-молдаларға нақты нұсқаулар берді.  Сондай-ақ,  Қарағанды облыстық дін істері агенттігінің бөлімше бастығы  Серік Қуатұлы, ауылдың әкімдері, аудан прокуроры  Р.Көшірбайұлы, ІІБ-нің басшысы Асылбек Серікұлы аудандағы діннің тұрақтылығын, теріс іс-әрекеттер бойынша қылмыстық іс қозғалмағандығын жеткізді.


Бұл жиын басқа жиындардан өзгерек болды. Аудан әкімінің діни ахуалға бей-жай қарамайтыны, өкіл имамды шақыртып кеңесіп келелі ойды бөлісуі, бірқатар мәселелерді талқылауы оңды іс болды. Бірауызбен айтқанда  аудандағы діни жағдай  тұрақты. Жиынға қатысқан ел азаматтары "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деген дана халқымыздың сөзіне сай жұмыс жүргіземіз деген ниетпен тарқасты.


Мөлдір Шағырбаева


ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша баспасөз хатшысы


[gallery link="file" ids="13297,13298,13299,13300,13301,13302,13303"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары