Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) Алланың соңғы, әрі ең абзал пайғамбары екені шындық. Сонымен қатар әрі өзін мұсылманмын деп санаған барша адмзатқа Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірін, сипатын, мінез-құлқын дұрыстап үйренулері - уәжіп.
Қасиетті Мәуліт айы қарсаңында «Бала қажы» мешітінің бас имамы Нуров Махмұд қажы Нұрұлы «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасына барып қайтты. Телеарнаның арнайы бағдарламасында Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмірі жайлы уағыз-насихат жүргізді. Алла Тағаланың ең сүйiктi пендесi, Адамнан (ғ.с.) Исаға (ғ.с.) дейiнгi барлық пайғамбарлардың соңғысы Мұхаммедтiң (с.ғ.с.) дүниеге келген рабиүл-аууәл айында әз Пайғамбарымыздың мәулiтiн мерекелеп, Алла Тағаланың сүйiктi Пайғамбары Мұхаммедтiң (с.ғ.с.) үмметi етiп жаратқанына жамағат болып шүкiрлер мен салауаттар айтып, осы айды мерекелеудің орны ерекше екенін түсіндірді.
Пікірлер