Қасиетті жұма күні Саран мешітінде Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылған айына арналған ізгілікті шара ұйымдастырылды. Мәуліт-берекеге, мерекеге, жақсылыққа толы ай. Жұма намазының алдында бас имам Мұқаметқали қажы Пайғамбарымыздың ғибратты да тағылымды өмірінен уағыз айтып жамағатты мәуліт айымен құттықтады. Уағыз соңында мәуліт дұғасы оқылып, мешіт ақсақалы Сайлау қажы жамағатқа ақ батасын берді.
"Жетім көрсең жебей жүр" деген аталы сөзге сай мешіт жанашырлары Саран қаласындағы №5 мектеп-интернатындағы балаларға арнайы сыйлықтар үлестіріп, мешіт асханасында ас берді.
"Ашық аспанды бұлт шалса, ол қараңғы түн деме.
Біреу бай біреу кедей деп, еш адамды күндеме.
Ата дәстүрді сыйлаған ұл мен қызың,
Хұтпа ұстаған молдадан кем деме"- деп Мәшһүр Жүсіп бабамыз айтқандай Ислам діні бейбітшілікті, бауырмалдықты, сыйластықты, адалдық пен тазалықты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) арқылы адамзатқа жеткізді. Мәуліт айы мүбарак болсын ағайын!
Саран мешіті
Пікірлер