Қасиетті жұма күнінде мешітке жиналған жамағатқа ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы адамзаттың асыл тәжі бола білген Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтудың маңызы зор екенін айтумен қатар Мәулітті қастерлі екенін дәріптеді. Өкіл имам облыстық орталық мешіттің наиб имамдарымен Мәуліт оқып, жамағатпен салауат айтты.
Жұмада оқылған Мәуліт жамағат жүректерінің қылын қозғап, үлкен әсер алуымен ерекшеленді. Алла ұлық! Екі дүниенің сардары болған Пайғамбарымызға(с.ғ.с) сансыз салауаттар болсын!
Пікірлер