[vc_row][vc_column][vc_column_text]Күндердің құрметтісі болған жұма күні адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы Мұхаммед пайғамбарымыздың (ﷺ) мәуліт айының құрметіне №1-мешітте жамағатпен бірге салауат айтылып, мәуліт оқылды. Бас имам Орманбет қажы Болатұлы жамағатты Құран мен сүннетке амал етуге шақырып Аллаға сүйікті құл, пайғамбарға шынайы үммет болуға үндеді. Мешіттің наиб имамдары мәулітті нақышына келтіріп оқып, өз кезегінде жамағат тік тұрып салауат айтты. Облыстық орталық мешіттен арнайы шақырылған наиб имам Ескендір Хакимұлы ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының атынан жамағатты құттықтап, мәуліт-шарифтің батасын жасады. Жылдағы игі дәстүр бойынша құрметті жемістердің бірі құрма салынған қораптар жамағаттар мен жалпы халыққа таратылды. Құлшылық соңынан қариялар елге тыныштық пен береке тілеп, пайғамбарымыз (ﷺ) үлгі етіп көрсеткен көркем мінез бен ынтымақта болуға нәсіп етсін деген ниетпен бата жасады.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
[/vc_column_text][vc_separator color="grey"][/vc_column][/vc_row]
[gallery link="file" ids="13214,13213,13212,13211,13210"]
Пікірлер