Бүгін Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде, мешіт ұжымы мен мешіттің ақылдасар алқа мүшелері яғни ақсақалдармен бірге арнайы жиын өткізілді.
Естеріңізде болса, таяуда Қарағанды облыстық орталық мешітінде қала, аудандардың жиналысы өтіп, 2014 жылдың есебі қорытындыланып және 2015 жылға арналған жоспарлар бекітілген болатын. Аталмыш төралқа жиынында ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы «Нұр» мешітінің 2014 жылғы еңбегі бағаланып өте жақсы деген алғыс хатпен марапаттаған. Бұл жақсы хабарды бүгінгі жиында бас имам «Нұр» мешітінің ұжымына жеткізумен қатар 2015 жылғы тапсырмаларды, жаңа жоспарларды айтып өтті.
«Нұр» мешітінің алдағы уақытта атқарар жұмыстарының реті мынадай болмақ:
Осы тізіммен бірге Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің шәкірттері игілікті істі қолға алмақ. Өз еріктерімен бастаған игі шаруаға әкішілік тарапынан қолдау көрсетіліп «Нұр» мешіті «Қамқорлық ұйымы» атты ұйым ашылатын болады. Бұл бастама әрқашан мешіттің бас имамының назарында болмақ. Ұйымның негізгі мақсаты: қарттар үйіне, балалар үйіне, еңбек ардагерлеріне, көзі нашар көретін және зағиптарға арналған ұйымға, әлеуметтік жағдайы төмен, қамқоршысы жоқ үлкендерге көмек беру.
Жиын соңында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туылған айы Мәуліт мейрамында өткізілетін іс-шаралар айтылды.
Пікірлер