Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туылған мерзімі Мәуліт айы екені баршамызға аян. Күллі мұсылман үшін бұл мәуліт айы мереке, береке. Мәуліт айы басталғалы Қарағанды өңірінде игі бастамалар, ілкімді шаралар жүргізілуде.
Теміртау қалалық мешітінің асхансында мереке құрметіне ас беру ұйымдастырылды. Мешіттің бас имамы Қанат Анасұлы ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі ғұмыры мен қадір-қасиеттері төңірегінде әсері мол уағыздарды насихаттады. Сонымен қатар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) асылдығы, мұғжизалары, кереметтері айтылды. Құран бағышталды, салиқалы естеліктер айтылды. Уағызды ұйып тыңдаған жамағат жағы оқылған құранның қабыл болуын тілеп, мешіт ұжымына алғыс айтып тарасты.
Пікірлер