Ислам әлеміне келу, мұсылман қызы атану Людмила есімді қыздың арманы еді. Ақ армандарының орындалуының жолында жүрген неміс қызы күніне бес рет сәждеге бос қойып, Алла Тағаланың разылығына, рахымына бөлену бақытына ие болды.
Асыл дінге деген құрметі жоғары Людмила өзінің жақын туыстарымен бірге Балқаш қалалық мешітінің бас имамы Асылхан қажы Рахымжанұлының қабылдауында болды.
Бас имам бұл жандарға қасиетті дініміздің құндылықтарын, өтейтін парыздарын тереңінен түсіндіріп берді. Сонымен бірге дәстүрлі дінімізді насихаттай отырып, келген қонақтарға «Дін мен Діл» кітабын сыйға тарту етті. Әсерлі кездесу барысында Людмила қыз кәлима-шаһадатты қайталап айтып, мұсылманша Ләйла есімін алды.
Пікірлер