Хақ дініміздің ілім-білімінен нәр алушы жамағат саны күн санап артып келеді. Кез-келген білім іздеген шәкірттерге арнап аптаның барлық күнінде мешітіміздегі ұлағатты ұстаздардан білім алуына айтарлықтай мүмкіндік жасалған. Бұл қатарда: қаламыздағы оқушы, судент, түрлі саладағы жұмыскер, зейнеткер қарияларымыз бар.
Негізгі өткізілетін тақыртардың дені дәстүрлі дінімізді дәріптеуге арналған. Бүгінде "Хадис ілімі" тақырыбы аясында жүргізілген сабақтар жамағатқа кеңінен ұсынылуда. Ұстаздар әрбір дәрісте ауқымы зор және өзекті де айтулы тақырыптарды рет-ретімен насихаттап жүр.
Өткен аптада Қарағанды облыстық орталық мешітнің ұстазы Мұхит Жаримбетов шәкірттердің сұрауы бойынша адамзаттың біліп, білмей істейтін күнәлары жайында мазмұнды уағыздарды насихаттады. Пайғамбарлардың, сахабалардың тарихына шолу жасай отырып, бірнеше жеткізілген риуаяттарды әңгімелеп берді. Сонымен бірге ұстаз үкімі қатаң болған күнәні ешбір себепсіз жасамауға үгіттеп, әсіресе жастар жағы бұл өзекті тақырыпқа абай болу кернектігін анықтап айтты. Салиқалы сабақтың жалғасы мәнді, мазмұнды сұрақтармен толықты.
Пікірлер