ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасына сай Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Қарағайлы ауылындағы мектепте өткен жиынға қатысып келді.
Бұл кездесудің мақсаты – оқушыларға қасиетті дініміз бен ел арасында бүлік шығарып жүрген өзге ағымдардың ара-жігін кеңінен түсіндіру және бір-біріне байланысы жоқтығын үндеу. Сонымен қатар экстремизм, терроризмдердің төңірегінде болып жатқан келеңсіз жайттарды қозғап, нақты деректермен бөлісті. Сондай-ақ оқушыларға өзге бағытты ұстанып, елді арандатып жүрген мақсаты түсініксіз топтардың қисынсыз іс-әрекеттерінен сақ болуға үгіт-насихат жүргізілді. Наиб имам жас өрендерге асыл дініміздің құндылықтары мен ізгі амалдары жайында кеңінен айта келе: «Ислам — әділдікті, қарапайымдылықты, ізгі жолды, игі жақсылықты ту еткен асыл дін», — деп сөзін аяқтады.
Қарағанды облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі
[gallery link="file" ids="12883,12884,12885,12886"]
Пікірлер