Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Наиб мүфти Елшімен кездесті
11 желтоқсан, 2014 жыл 56 Басып шығару нұсқасы
Мәскеу қаласында өтіп жатқан халықаралық мұсылмандар форумында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары Серікбай қажы Ораз Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті Елшісі Марат Тәжинмен кездесті.
Кездесу барысында наиб мүфти ҚМДБ жұмыстары, игілікті іс-шаралары мен мүфтияттың 2015 жылғы жоспарлары жайлы баяндады. Елші М.Тәжин Қазақстан мен Ресей елдерінің рухани, мәдени, экономикалық, гуманитарлық салалардағы қарым-қатынасы мен байланыстары жайлы пікір білдірді.
Халықаралық форумда Еуразия құрлығындағы мұсылман мемлекеттерінен келген дін қайраткерлері әлемдік діни мәселелерді шешудің тетіктері жайлы көзқарастарын білдіруде. Бұл жиынға Қазақстаннан келген діндарлар да қатысып, пікір алмасуда.
ҚМДБ Баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="12786,12787,12788,12789"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары