ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен бірқатар шаруалар атқарылуда. Жоғарғы оқу орындары мен білім беру мекемелерінде Ислам дініне еш қатысы жоқ өзге ағымдардан сақтану жайында түсіндіріліп келеді. Әсіресе экстремизм мен терроризмнің теріс әрекетттерін оң солын танып үлгермеген жас буындарға байыппен түсіндіру шаралары ауадай қажет екені анық. Осындай мақсатпен «Ислам — экстремизм мен терроризмге түбегейлі қарсы» тақырыбында Ғ.Мұстафин ауылындағы мәдениет үйінде 9, 10,11 сыныптың оқушыларымен кездесу өткізілді. Арнайы ұйымдастырылған бұл жиынға Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Серік Құрманов барып қайтты. Наиб имам мектеп оқушыларына жоғарыда айтылған өзекті мәселені тарқата айтып, оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға рет-ретімен жауаптар айтылды. Әсерлі уағыздардан соң: «Халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері мен қасиетті дініміздің құндылықтарын қастерлеу, құрметтеу әрқашан әрбіріміздің жүрегімізде болса нұр үстіне нұр болар еді» — деп өз сөзін аяқтады.
[gallery link="file" ids="12728,12729,12730"]
Пікірлер