Бұл басқосуда, өкіл имам Қарағанды өңіріне қарасты мешіттердің жағдайы мен атқарылып жатқан жұмыстарды ретімен айтып өтті. Оның ішінде: Ақпараттық насихаттық тобының жүйелі жұмыс жүргізілуі, имамдардың білімін арттыру, біліктілігін көтеру мақсатында өткізілген семинарлардың жайы мен жергілікті облыстық орталық мешіттің жанындағы www.ihsan.kz ресми сайтының таратып жатқан ақпарлары, бейне түріндегі жұма уағыздары,аудио уағыздары төңірегінде тарқата сөз қозғады.
Сонымен қатар, облыс әкімі Н.Әбдібековке бірнеше ұсыныстар айтылды. Біріншіден: Облыстық мешіттің шатырын жөндеумен қатар кей жерлерін жаңартып беруге кететін қаржының мөлшері және демеушілік жасау жағын қарастыру. Екіншіден: Ел алдында жүрген мешіт имамдары мен ұстаздарына қолдау көрсетіп, баспанамен қамтамасыз ету. Үшіншіден: Имамдардың білім деңгейін арттыру үшін облыс әкімінің грант немесе басқада жеңілдіктің қарастырылуы. Қалалар мен аудандардың имамдарында қызметтік көліктің болмай бірқатар қиындықтар туындап жатқаны. Мұнымен қатар басқада түйінсіз қалған жайттар талқыға түсті.
Жиын соңында өкіл имам осыған дейін облыстық әкімшіліктің қолдағанына, талап-ұсыныстарын қабылдағанына алғысын білдірді. Ал, облыс әкімі өкіл имам ұсынған талап-тілектердің орынды екенін айта келе толықтай назарда болатынына, орындалатына уәде беріп тарқасты.
Пікірлер