Қарағанды облыстық орталық мешітінде қала, аудан имамдарына арналаған арнайы басқосу өтті.
Қарағанды облыстық орталық мешіттің наиб имамы Серік Құрманов жиын барысында 2014 жылдың 30-маусымында қабылданған заңға сәйкес, мүлікті жария ету жұмыстарының жүргізілу барысын сұрастырды.
Сонымен қатар мешіт жерлері мен ғимарат құжаттарын толықтай ретке келтіру туралы нақты тапсырмалар берілді. Мешіт құжаттарын реттеу үшін қала, аудан, ауыл имамдарын жұмылдыру қажеттігі айтылды. Мешіт құжаттарын рәсімдеу жұмыстарына міндетті қызметкерлер тапсырманың орындалуы барысы мен атқарылған жұмыстар жайлы өкіл имамға мәлімет беріп отыру жүктелді.
Сонымен бірге қала, аудандағы барлық мешіттердің мүліктерін тізімге алу (инвентаризация) мәселесі де талқыланып, нақты жұмыс жоспары бекітілді.
Пікірлер