Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Басқару, бақылау тапсырмалары орындалуда
27 қараша, 2014 жыл 73 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен Қарағанды облыстық орталық мешіттің наиб имамы Дархан Асылтайұлы басқару, бақылау жұмыстарымен аудандарды аралап бастаған болатын.


Осы жолы Нұра және Осакаровка аудандарына барып қайтты. Мұндағы мақсат, ауданға қарасты мешіттердің жыл бойы атқарылған жұмыстардың есебін тыңдау.


Өкіл имамның тапсырмасымен шыққан Д.Асылтайұлы өткізіліп жатқан қайырымдылық шараларды, шәкірт тәрбиелеу ісі, бекітілген кесте бойынша  уағыз-насихаттың өткізілуі, имани басылымдарға жазылу барысы, қыс мезгіліне мешіттердің толықтай дайындығы сынды бірқатар шаруаларға айырықша мән беріп тексеріп өтті. Аудан, ауыл имамдары да жүргізіліп келе жатқан жұмыстардың нәтижесімен бөлісіті.


Сонымен қатар, кездесулер барысында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының имамдарға арнайы бекіткен тапсырмалары мен үндеу хабарларына жіті мән беретіндігі кеңірек айтылды.


[gallery link="file" ids="12309,12310,12311,12312,12313,12314,12315,12316,12317,12318"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары