Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековпен кездесті. Қоғам қайраткері мен Бас мүфти әдебиет, мәдениет, тәрбие, имандылық жайлы пікір алмасты.
Ержан қажы Малғажыұлы жыл басында жариялаған дін мен дәстүр сабақтастығы атты бастама аясында атқарылған ізгі іс-шаралар жайлы баяндады. Жазушы Дулат Исабеков бұл бастаманы қолдайтынын жеткізіп, имандылыққа бет бұрған жастардың тазалыққа ұмтылысы қуантатынын айтты.
muftyat.kz
[gallery link="file" ids="12204,12205,12206,12207,12208,12209,12210"]
Пікірлер