ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлының тапсырмасы бойынша Балқаш қалалық мешітіне Қарағанды облыстық мешіттің наиб имамы Қосмағанбетов Бекболат қараша айының 20-сы күні Балқаш қаласына қатысты мешіттердің бас имамдарымен жиын өткізді.
Бекболат Зүлжалладинұлы имамдарға «Дін және Ғылым», «Отбасылардың ажырасуының негізгі себебі неде?», «Түсік тастаудың зияны» атты тақырыптарда жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, мектеп оқушыларына, семинар, лекциялар, уағыз-насихаттар жүргізумен қатар, берілген тапсырмаларды жүйелі түрде орындалуын қатаң тапсырды. Сонымен қатар қысқа дайындықтары қалай жүріп жатқандарын тексеріп, газет-журналдарға жазылу және мақала жазу іс-шараларын сұрастырды.
Соңынан әр мешіттің имамдары өзіне қарасты мешіттерде атқарған жұмыстарының есебін берді.
Бекболат Зүлжалладинұлы мұндай жиын алдағы уақытта да өтіп тұратынын айтып, құран бағышталып тарасты.
Пікірлер