Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті жолдауын жария етті. Елбасымыз 1990-шы жылдардан бері халқымыздың әл-ауқатының арта түскендігін еске сала отырып: «
Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда. Алда үлкен де жауапты жұмыстар тұр. Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар – Қазақстанның болашағына кілттер» деген болатын.
№1-мешітінің бас имамы Орманбет қажы Болатұлы мешіт қызметкерлерімен бірге Елбасы жолдауын талқылап, Бас мүфтидің «Имамдар бірліктің уағыздаушысына айналуы тиіс» деген қуаттау сөзіне сай отырыс өткізді. Мұсылмандар арасындағы бірлік пен дініміздің сауатты түрде дамуы, халық арасындағы кездесулерде сабырлық пен шүкірліктің насихатшысы болуды міндеттеді.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер