ҚМДБ-ның өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бекіткен АНТ-ның іс-шараларының барысын дамыту мақсатында №1-мешітінің бас имамы Құнанбаев Орманбет қажы Қарағанды коммерциялық колледжінің студенттерімен «Діни экстремизмнің зардаптары және оның алдын алу» тақырыбында өткен кездесуге қатысты. Алқалы басқосуға Қарағанды облыстық дін істері басқармасы мен қалалық ішкі саясат мамандары да қатысты. Студент жастарға діни түсінікті дұрыс қалыптастыру, ата-ана мен ұстазды қадірлеу, халқымыздың салт-санасына жат әдеттермен күресуі сынды тағылымды уағыздар айтылды. Жат ағымдар жайлы ҚМДБ-ның жаңадан жариялаған пәтуалары таныстырылды.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
[gallery link="file" ids="11695,11696"]
Пікірлер