ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасына сай , "Жалпы және жастар ісі" бөлімінің жетекшісі Мерей Жақия "Лингва" ғылым және білім" орталығына барып қайтты. Арнайы мамандар мен студенттердің кездесуінде "Діни экстремизмді алдын алу" тақырыбы кеңірек қозғалып, жастарға тәрбиелік мәні зор мәліметтер берілді.
М.Жақия жиналған жастарға дініміздің көркемдігі жөнінде әсерлі әңгімелер мен уағыздарды насихаттады. Өзге ағымдардың жүрігізіп жатқан теріс іс-әрекеттерінен сақ болуға үндеді. Дінге қатысты сауалдар туындаса міндетті түрде мешіттің ұстаздарына, имамдарына жолығуға кеңес берді. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекіткен кітаптарын, сайттарын, имани басылымдарын қараған абзалырақ екенін айтып өтті.
Жиын соңында жастарымыз өздерінің ойларымен бөлісе келе, мамандарға түрлі тақырыпта сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алды.
[gallery link="file" ids="11663,11664,11665,11666,11667,11668"]
Пікірлер