Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Футболдан кезекті жарыс өткізілді
10 қараша, 2014 жыл 87 Басып шығару нұсқасы
ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының  тапсырмасымен,  Жалпы және жастар ісі бөлімінің жетекшісі Мерей Жақияның ұйымдастыруымен  2013 жылы Қарағанды облыстық орталық мешітінде "Ихсан" футбол командасы құрылған болатын. Аталмыш топ құрылғалы Қарағандының бірқатар командаларымен  ойын көрсетіп келеді.

Бұл команда күні кеше қаламыздағы "Молодежный" командасымен жасыл кілемде ойын көрсетіп, 7:8 есебімен жеңіс тұғырынан көрінді.

Айта кетелік жеңіске жеткен "Ихсан" командасындасы Қарағанды облыстық орталық мешітінің  шәкірттері мен мешітке келуші жамағатынан құралған. Сондай-ақ  бұл қатысушылардан бөлек   қызығушылық танытып, команда мүшесі болғысы келетін жас өрендердің   қатары күн санап көбеюде.

Халқымыздың заңғар тұлғасы Абай атамыз да «Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол» қағидасын берік ұстап «сау дене, азат ақыл, адам көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» дегендей, өмірімізді мәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау адамдық борышымыз. Өйткені салауаттылық — саулық кепілі, ал саулық - байлық негізі. Жаңа ғасыр азаматтарының дені сау, рухани бай болсын!

1 тайм


2 тайм


[gallery link="file" ids="11465,11466"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары