Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Балалар үйіне қамқорлық көрсетілді
07 қараша, 2014 жыл 145 Басып шығару нұсқасы
ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының ұйымдастыруымен өңірге қарасты балалар үйінде қайырымдылық шаралары жиі өткізіліп келеді.
Бүгін  «Жалпы және жастар» ұйымының мүшелері «Құлыншақ» балалар үйіне барып қайтты.
Мешіттің атынан барған наиб имам Мерей Жақия мекеме басшыларына: «Жетімге қамқорлық көрсету – әр бір мұсылманның парызы. Біздегі мақсат - балаларға заттай көмек көрсету ғана емес балаларға мейірімділік, қуаныш сыйлау»,-деді. Сондай-ақ балаларға үлкенді құрметтеу, кішіге ізетті болу, жақсылық жасау турасында тәлімі мол уағыздар жүргізді. Ары қарай «Мир Свадеб» мекемесінің комедиялық бағдарламасы қойылып, балалардың көңілі бір серпіліп қалды. Кішігірім концерттен соң, арнайы ойындар ұйымдастырылып, балаға ерекше әсер қалдыратын көпіршік(пузырик) ұсынылды.
Әдемі шоудан соң балаларға дастархан жайылып, мешіттен алып барған түрлі сыйлықтар мен тәттілер үлестірілді.
Имам Бұхари мен имам Мүслімнен келген хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жесір мен жетімге көмектесу Алла жолында жихад қылғанмен тең», – деген. Ал Имам Мажәһдан жеткен хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.): «Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім-кешегі үшін істегендер Алла жолында жихад қылған әрі түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам сияқты», – дейді.

[gallery link="file" ids="11378,11380,11382,11383,11384,11385"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары