Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Өкіл имам қала, аудан имамдарымен жиын өткізді
06 қараша, 2014 жыл 78 Басып шығару нұсқасы
ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы облыстағы қала, аудан имамдарымен жиналыс өткізді.
Бұл бас қосуда  қала және аудан имамдарының әрқайсысының атқарған жұмыстары, берілген тапсырмалардың орындалуы туралы есебі, облыстық орталық мешітке беріп жатқан ақпарлары, алдағы қысқа мерзімде атқаратын көрнекті іс-шаралары туралы нақтылы жүзеге асатын жоспарлары тыңдалып, қосымша сұрақтар қойылып, тиісті деңгейде жұмыс жүргізілмей жатқан мешіт имамдарына ескертулер жасалды. Ал, қайырымдылық шаралары мен АНТ жұмысы бойынша атқарылған жұмыстарға жекелей баға берілді. Сонымен қатар, өкіл имам имани басылымдардарға жазылу жайы  мен алдағы кезеңде  имамдар арасында өткізілетін тестілеуге  дайын болу жайы айтылды.

ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан Қажы Малғажыұлы хазіреттің тапсырмасы бойынша талқыланып, әр имамға арнайы тапсырмалар мен міндеттемелер жүктелді. Өкіл имам алда атқарылатын бірталай шаруалардың тізімін айта келе қайырымдылық шараларына жиі шығу керектігін, уағыз-насихат жұмыстарын көптеп өткізуді және апталық есепті уақытылы жіберу сынды негізгі міндеттемелерді айтып өтті.

IMG_3602IMG_3601IMG_3601

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары