ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасына сай Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы «Арселор Миттал Теміртау» зауытындағы өрт сөндіру мекемесіне барып қайтты.
Мекеме қызметкерлерімен өткен кездесуде бас имам асыл дініміздің құндылықтары жайлы әсерлі әңгімелер мен тағылымы мол уағыздарды насихаттады. Сондай-ақ мекеме жұмысшыларына еліміздегі имани басылымдар «Ислам және өркениет» газеті мен «Иман» журналына жазылуға шақырды.
[gallery link="file" ids="11281,11282,11283,11284"]
Пікірлер