Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бүгін Ашура күні
03 қараша, 2014 жыл 135 Басып шығару нұсқасы
_04Бүгін, 3 қараша мұсылман күнтізбесі бойынша - Ашура күні. «Ашура» сөзінің мағынасы «Ашара» яғни мұхаррам айының «оныншы» күні деген мағынаны білдіреді.

Ашура күні - мұсылман баласының қасиетті күндерінің бірі. Бұл күннің пайғамбарлар тарихында ерекше орны бар. Мәселен, Адам (ғ.с.) пайғамбардың тәубесінің қабыл болуы, Нұһ (ғ.с.) пайғамбардың кемесінің тоқтауы, Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың оттан құтылуы, Мұса (ғ.с.) пайғамбардың дұшпандардан құтылуы, Жақыптың (ғ.с.) ұлы Жүсіппен қауышқан күні. Ашура күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ораза ұстап, мұсылмандарғада ауыз бекітіп, жақсы амал жасауды өсиет еткен.

Бұл күні оразадан басқа да жақсы амал жасаудың сауабы көп. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінде ашура күні мұсылман баласы шамасы келгенше туыстарына, көрші-қолаңына жақсылық жасаудың, әсіресе отбасы мүшелеріне сый-сияпат жасап, көңіл бөлудің өзі жақсы амал екенін айтқан.

 muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары