«Имандының жүзі жарық» деп асыл дінімізді тереңінен ұғынған ата-бабаларымыз тектен-тек айтпағаны анық. Бүгінде Алла жар болып жүрегіне иман нұры ұялап, дінге деген құрметін күшейтіп жүрген жерлестеріміз баршылық. Қарағанды тұрғындарының арасында да күн санап мұсылман дінін қабылдап, мешітке жиі ат басын бұрушылар шүкір көбейіп келеді.
Өткен жұмада Татьяна есімді қала тұрғыны мешітімізге келіп, өзінің шынайы рызашылығымен Ислам дінін қабылдаған болатын. Хақ діннің жолымен жүруді қалаған Татьянаға Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Ислам дінінің шарттары мен ең негізгі парыздарын орындауды рет-ретімен түсіндіріп, кәлима-шаһадатты айтқызған еді.
Бес уақыт намазы түгел қызымыз бүгін мешітке арнайы келіп, бас имамның ғибраты мол уағыздары мен тағылымды әңгімелерін тыңдады. Сондай-ақ өкіл имамға Ислам әлеміне қатысты сауалдарын қойып, өзінің орамды ойларымен бөлісті.
Мәйдә сүресінің 3-ші аятында «Бүгін діндеріңді толықтырдым. Сондай-ақ, сендерге дін етіп Исламға разылық білдірдім» деген құдіреті күшті Алла Тағаламыз.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
[gallery link="file" ids="10932,10933,10934"]
Пікірлер