Өткен аптаның жұма күнінде мешітке келген Сортировка кентінің тұрғыны өзінің өтінішімен саналы түрде ақиқат дініміз Исламды өз еркімен қабылдағысы келетіндігін жеткізді. Оның осындай оң шешімін құп көрген №1-мешітінің наиб имамы Ермахан Оралбай алдымен иман шарттарын, мұсылмандық міндеттер мен Исламдағы отбасы құндылықтарын тәптіштеп түсіндіріп берді. Дүниедегі ең көркем сөз кәлима шаһадатты тілмен айтқызып, жүрекпен бекітудің жолын насихаттады. Бауыр еті баласымен бірге асыл дінімізге бас иген орыс ұлтының өкіліне діни әдебиеттер сыйға берілді.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер