Өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы өңірдегі руханияттың бір бағытта жүргізілуімен қатар, бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің қайырымдылық шараларын үздіксіз жалғастырып отыруға негізделген тапсырмасының аймақта атқарылып отыруын өз міндетіне алған. Соның нәтижесінде өңіріміздегі барлық мешіттерде жасалып жатқан қайырымдылық шаралар бірінен кейін бірі жалғасып жатыр. Осы тұрғыда қайырымдылықты қажет ететін қамкөңіл жандар Қарағанды қалалық №1-мешітінен тиісті көмектерін уақытылы алып отырады. Осындай мақсатта өтініш білдірген қаламыздың тұрғыны Х.Алмагүлге жұма күні қайырымдылық жолмен жаңа киім-кешектер мен төсеніш кілем берілді. Бұдан бұрын да азық-түлікпен, қаржылай көмек көрсетіліп отыратын осы жанұяның атынан жалғызбасты ана мешіт имамдарына алғыс айтып, өзінің ақ тілегін жеткізді.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер