ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасына сай апта басынан бері АНТ жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Кеше үшінші кездесу Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 8-ші оқу корпусында өткізілді. Оған №1-мешітінің наиб имамы Айыпхан Думан қатысты. Ұстаздар мен студенттердің қатысуымен болған басқосуда жан-жақты пікірлер мен ұсыныстар ортаға салынды. Тақырып «Діни экстремизмнің алдын-алу» жайында басталып, жастардың діни көзқарастары мен жат ағымдардың арасын ажырата білу сынды жайттармен жалғасты. Ислам дінінің құндылықтары мен оның тұрмыс тіршілігімізге қатысты тұстарына қатысты жастардың қойған сауалдарына наиб имам тиянақты жауаптар берді. Жерімізді былғауды мақсат еткен жат ағымдардың жымысқы әрекеттеріне «жұдырықтай жұмылып» жол бермеуге шақырылды. Осы мақсатта келесі келелі кездесу «Фемида» Заң колледжінде өткізіледі.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі[gallery ids="10288,10289,10290"]
Пікірлер