Бұқар жырау ауданындағы «Жыржыс қажы» мешіті жаңа жиһаздармен жабдықталды. Бұл жайында: «Алланың үйі жамағатқа әрқашан қолайлы әрі таза тұрғаны абзал. Сонымен қатар, көптен бері киім ілетін және аяқ киімдерді қоюға арналған жиһаздарды орнатсақ деген ойымыз бар еді. Бүгін жомарт адамдардың қолдауымен бұл тілегіміз орындалып, қуанып жатырмыз. Жерлесіміз Айдархан есімді жеке кәсіпкер мешітке келіп, мешітіміздің ішін көріктендіруге өз үлесін қосты. Алла Тағала қазақтың осындай нар тұлғалы, мәрт жігіттерінің әрбір ісіне береке берсін»,-дейді мешіттің бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы.[gallery ids="10229,10230,10231,10232"]
Пікірлер