ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен Балқаш қалалық мешітінде абаттандыру шаралары жүргізілді. Биыл әдеттегідей мешіт аумағы, гүлдердің, талдардың айналасы тазартылды. Балқаш қалалық мешітінің бас имамы Түсіпбеков Асылхан қажының ұйымдастыруымен, әкімшілікпен келісе отырып, мешіт ауласына көшеттер мен гүлдердің тұқымдары алынды. Нақтырақ айтсақ 20 түп қарағай ағашы, 20 түп терек, 8 түп шырша және алма ағашы отырғызылды. Сонымен бірге жаз мезгілінде себілген гүлдердің тұқымдары жиналды. Асыл дінімізде тазалық атаулысына қатты мән берген. Осы мақсатпен мешіт айналасындағы қорған сырланып, тазалық жұмыстары толық жүргізілді.
Пікірлер