Қасиетті жұма намазынан соң өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы №1-мешіт жанындағы медресеге дайындық курсына арналған қосалқы ғимаратта жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылыс нысанындағы басқосуға Қарағанды облыстық дін істері басқармасының бастығы Қайрат Қаршығаұлы да қатысты. Құрылысқа жауапты мамандармен жұмыс барысын талқылап, оның сапалы және қарқынды жүргізілу жолдары қарастырылды. Тиісті мекеме басшылары өзара келісімдер жасап, шұғыл қажетті іс-шараларды өз уақытында аяқтау үшін ортақ келісімдерге келді.
Пікірлер