Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің наиб имамы Жолбарыс Бақтыбайұлы Қарағанды мемлекеттік университетінің №3 жатақхана студенттерімен «Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кездесу жиынын өткізді. Кездесуде жекелеген облыстарда дәстүрлі емес діни ағымдардың жайы, халық арасында дінщілдік деңгейінің артқандығы және жастар арасында діни экстремизмнің деректерінің бар екендігінен нақты деректер келтіре отырып, жат ағымдардан сақтану жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ дінге қатысты кез-келген өтініштер мен түсінбеген сұрақтар бойынша белгісіз дін өкіліне емес мешіттің имамдарына жолығуын айтып өтті.
Пікірлер