Балқаш қалалық мешіттің бас имамы Түсіпбеков Асылхан қажы Рахымжанұлының бастамасымен 6 қазан күні, сағат 14:00-ден бастап мешіттің асханасының үлкен залында жетім- жесірлерге, мүмкіншілігі шектеулі жандар мен жағдайы төмен отбасыларға ас берілді. Ас берілу барысында келген қонақтар бас имамға және мешіт ұжымына ризашылығын білдіріп, алғыстарын жеткізді. Мешіттің атынан асқа жиналған жандарға еттерден таратып, ниеттер қабыл болуын тілесті. Ас қайырылған соң, бас имам Асылхан қажы Рахымжанұлы мен көмекшісі Сейдалиев Досбол қаладағы мүмкіншілігі шектеулі мүгедек жандардың шаңырағына барып қал-жағдайларын білуге барып қайтты. Сондай-ақ Ибраева Нагима, Сопыжан Үміткер, Есимханова Дакен атты жандарға құрбандық еттерден үлестіріп берді.
Пікірлер