Қасиетті Құрбан айт қарсаңында Сұрыптау елді- мекенінде Қарағанды темір жол колледжі және Мәдениет сарайы бірлескен «Құрбан айт қабыл болсын!» атты акция өтті. Айтулы іс-шараға «Бала кажы» мешітінің бас имамы Махмұд қажы Нұрұлы және «Ақыт қажы» мешітінің бас имамы Б. Жанарбек қатысып, халықты Құрбан айт мерекесімен құттықтап, уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ кеште рухани, имани құндылықтарға толы қазақ термелері орындалды. Кеш соңынан жағдайы төмен жандарға ас берілді.
Пікірлер