Қасиетті Құрбан айттың бірінші күні «Құнанбай қажы» мешітінде айт намазы оқылды. Таң сәріден жиналған халыққа «Құрбан айт күнінің қасиеті, құрбан шалудың артықшылығы » турасында әсерлі уағыздар айтылды. Айт намазы оқылған соң құрбандық шалынып, ұлттық ойындарға кезек берілді. Додаға түскен қатысушылар қол күрестіру, асық ату, арқан тарту, футбол жарысы сынды ойындарда бақ сынасты. Аталмыш ойындарда жақсы нәтиже көрсеткен қатысушыларға түрлі сыйлықтар берілді.
Пікірлер