Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Жыржыс қажы» мешіті акция ұйымдастырды
10 қазан, 2014 жыл 107 Басып шығару нұсқасы

Жыл сайынғы дәстүр бойынша биыл Бұқар жырау ауданы «Жыржыс қажы» мешіті Құрбан айт күндері «Жаратқанға құрбан шалып жақындайық ағайын!» атты қайырымдылық шарасын өткізді.
ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасына сай ұйымдастырылған акцияға «Арғын» шаруашылық қожалығының басшысы С.С.Исабеков пен ЖШС«Ак Нура» шаруашылығының басшысы В.Л.Берент өз үлестерін қосып, сауапты іске қатысты. Әкімшілік тарапынан келген тізім бойынша әлеуметтік жағдайы аз қамтылған мұқтаж жандардың шаңырағына қайырымдылық көрсету шарасы іске асты. Әр отбасына бір қап ұн, бір қап картоп және шалынған құрбан етінен таратылды. Сондай-ақ 2 тонна ұн мен 1,5 тонна картоп азығы 80-нен астам отбасыға үлестірілді.


[gallery link="file" columns="2" ids="10008,10009"]


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары