Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Құрбан айт —күллі мұсылманның ұлық мерекесі!
04 қазан, 2014 жыл 105 Басып шығару нұсқасы

Биыл Құрбан айттың бірінші күні Қарағанды облыстық орталық мешітінде жылдағыдай құлшылық жасаумен басталып, таң намазы оқылды. ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Құрбан айттың маңыздылығы, қадір-қасиеті жайлы уағыз айтты. Облыс әкімінің орынбасары Әбішев Жандос Ақылсерікұлы жамағатты мейраммен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.


Айт намазына келген жамағаттың қарасы өте көп. Мешіт ішінде ине шаншар орын болмады. Халықтың қасиетті дінімізге деген құрметінің жыл санап артып келе жатқаны көңілді қуантады. Намаз оқылып, тасбих тартылып, құран бағышталған соң келген жамағат құрбандық шалуға бет алды. Сондай-ақ қасиетті Құранда ерекше айтып өткен жемістердің бірегейі құрма жемісінен мешітке келуші әр бір жамағатқа үлестірілді.


[gallery link="file" columns="4" ids="9961,9962,9963,9964,9965,9966,9967"]


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары