Облыстық өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының тарапынан берілген тапсырманың аясында Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің халықты Құрбан айтпен құттықтауы басылған бүктемелер арнайы ақпарат тақталарына ілініп, жұма күнгі келген бұқара халық пен жамағатқа үш мың данамен таратылды. Наиб имамдар қосымша ақпараттар беріп, айт күнгі атқарылатын әдептер мен іс-шаралардың барысын насихаттады. Бас имам Орманбет қажы Болатұлы жұма намазында «Құрбан айт – мереке мен береке ұйытқысы» тақырыбында уағыз айтып, халықты дінбасының атынан құттықтады.
Пікірлер