ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының қасиетті Құрбан айт мерекесін атап өтуге арналған тапсырмасы жүйелі түрде жүргізілуде.
Теміртау қалалық мешітінің ұжымы айтулы мерекені қолға алып, үлкен әзірліктің үстінде. Мешіттің бас имамы Қанат Анасұлының ұйымдастыруымен қала жұртшылығына арналған құттықтау сөздері банерлерге ілінді. Осы үрдіспен бірге мешіт жанашырларына үлкен құрметпен құттықтау хаттары жіберілді. Сонымен қатар, «Дін мен дәстүр» жылының аясында ұлттық ойындарымызды дәріптеу мақсатымен ұйымдастырылған іс-шаралар өтетін болады.
Пікірлер